«Сәбидің анасы, Хорезм облысы, Янгибазар ауданының 20 жастағы тұрғыны Саида Кулахметова және оның сыбайласы Үргеніш ауданының 34 жастағы тұрғыны Шынар Мамутова сәбиді сатып, 400 доллар алғысы келген», - деп мәлімдеді комитеттегі ақпарат көзі.
Қылмысты жасыру үшін әйелдер балаға жалған құжат жасауды жоспарлаған. Шынар Мамутова Янгибазар ауданының АХАЖ бөлімі меңгерушісі міндетін атқарушы Саехат Тиллаеваға 50 мың сум көлемінде пара беріп, жалған туу туралы куәлікке тапсырыс берген.
С.Кулахметова мен Ш.Мамутоваға қатысты Қылмыстық кодекстің 135 бабы бойынша (Адам саудасы), ал С.Тиллаеваға қатысты ҚК 210 бабы (Пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.