Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев «Адамның қадір-қасиетін арттыруға бағытталған ұлттық бағдарламаларды іске асыру шаралары туралы» жарлыққа қол қойды. Құжатта 2027-2031 жылдары жеті ұлттық бағдарлама мен оларды іске асырудың іс-қимыл жоспарлары бекітілді.
Бағдарламалардың бірі білім мен дағдыларды елдің басты даму капиталына айналдыруға бағытталған. Оған сәйкес, 2027 жылдан бастап алты жасар балаларды жалпы білім беретін мектептерге міндетті дайындық бағдарламаларымен 100% қамтуды қамтамасыз етілуі тиіс.
Осы мақсатта 2026 жылдың желтоқсанына дейін өңірлік қажеттіліктер бағаланып, мұғалімдер мен жабдықтардың қажетті саны анықталады. 2027-2028 жылдары тегін дайындық топтары ұйымдастырылатын үй-жайлар жиһазбен және басқа да қажетті оқу құралдарымен жабдықталады.
Сонымен қатар, Азия даму банкінің қолдауымен Самарқант, Жызақ, Сұрхандария, Қашқадария және Ташкент облыстарында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы 500 мектепке дейінгі білім мекемесін құру жоспарланған. Жыл сайын кемінде 100 балабақша салынады немесе күрделі жөндеуден өткізіледі.