Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша үш ай ішінде 12 жастан 18 жасқа дейінгі 600 733 бала коронавирусқа қарсы екпе алған.
Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстанда балаларды вакцинациялау науқаны 29
қыркүйекте басталды. Балаларға екпе вакцинация жасау орындарының кез келген нүктесінде
олардың ата-аналары мен қамқоршыларының келісімімен салынады.
Вакцинация үшін немістің Pfizer/BioNTech вакцинасы қолданылады.