Өзбекстанда А.С.Пушкиннің 210 жылдығы құрметіне фестиваль өтеді
12:06, 18 Мамыр 2009
ТАШКЕНТ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Маусымның 6-сында әлемге аты танымал Александр Сергеевич Пушкиннің 210 жылдығы атап өтіледі.
Осынау атаулы күнге орай Өзбекстанда фестиваль өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Пушкин және уақыт» деген тақырыппен өткізілгелі отырған фестиваль ақынның 210 жылдығына арналған. Фестиваль аясында ақынның ескерткішіне гүл шоқтары қойылады, түрлі конференциялар мен көрмелер өткізіледі.Бұл күндері мектептер мен институттарда осынау атаулы мерейтойға арналған семинарлар, конференциялар, ашық сабақтар өткізілуде. Ал маусым айында ресейлік пушкинтанушы-ғалымдардың қатысуымен филологтар конференциясы, балалар суреттері мен шығармаларының байқаулары, басқа да іс-шаралар өтеді.