Өзбекстанда АҚШ долларының бағамы күрт өсті

Фото: None
ТАШКЕНТ. ӨзА – ҚазАқпарат - Өзбекстанда доллар бағамы өсіп барады. Өзбекстан Орталық банкі бүгін 1 АҚШ долларын 8882.00 сум деп белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА агенттігіге сілтеме жасап.

Өзбекстанның бас қаржы реттеушісі 2019 жылғы 10 тамызда 1еуроның өзбек ұлттық валютасына шаққандағы бағамын – 9928 сум 30 тиын, 1 Ресейрублі – 136 сум 38 тиын деп белгіленді. Ал 1 фунт стерлинг – 10774 сум 75 тиын.

Алайда кейбір банктерде долларды 8900 сум курсымен сатыпжатыр. Мысалы, Өзбекстанның Ұлттық банкі шетел валютасын 8840 сумға сатып алып,сату бағасын 8900 сум деп белгілеген. Бірақ бұл – кешегі дерек.


Бейресми деректерге қарағанда, жер-жердегі доллар бағамы 10мың сумға жақындаған. Тәуелсіз dollaruz.net сайтының мәлімдеуінше, жер-жердедолларды 8930 сумнан сатып алып, 8980 сумнан сатып жатыр.


Соңғы жаңалықтар