Өзбекстанда әлеуметтік желідегі бейәдеп сөз үшін әкімшілік жаза енгізіледі

Фото: Norma.uz

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстан парламентінің төменгі палатасы Әкімшілік жауапкершілік кодексіне түзету енгізу ұсынысын мақұлдады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Өзгеріске сай, интернетте, оның ішінде әлеуметтік желілерде бейәдеп сөздерді қолданып, азаматтардың ар-намысын қорлайтын әрекетке барғандар енді әкімшілік жауапқа тартылады. Атап айтқанда, оларға айыппұл салу немесе 10 тәулікке қамау шарасы қарастырылған.

— Бұл норма қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз етуге бағытталған — делінген Заң шығару палатасының баспасөз қызметі тартқан хабарламада.

Қоса кетсек, былтыр Өзбекстанда букмекерлік кеңселердің қызметін насихаттаған 70-ге жуық сайт бұғатталды.

Сондай-ақ, өзбекстандықтар алаяқтар рәсімдеген несиелерді төлеуден босатылмақ