Өзбекстанда алғаш рет Халықаралық баспасөз клубы құрылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше әділет министрлігінде Халықаралық баспасөз клубын (ХБК) үкіметтік емес ұйым ретінде тіркеу туралы куәлікті ресми табыстау шарасы өтті.

 Бұл туралы бүгін Өзбекстан СІМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды "Кабар".

ХБК негізгі мақсаты - ақпараттық кеңістікті дамытуға жәрдемдесу, елдің қоғамдық, экономикалық және саяси өміріндегі өзгерістер жөнінде әлемдік қоғамдастыққа әділ ақпарат тарату.