Өзбекстанда Америкалық университетінің бөлімшесі ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Вебстер университетінің (АҚШ)  вице-президенті Питер Махер бастаған делегациясы Ташкентке келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстан СІМ -ге сілтеме жасап.

Сапардың мақсаты - Ташкенттен Вебстар университетінің бөлімшесін ашуға байланысты өзбекстандық тараппен техникалық, заңдық және қаржылық мәселелерді талқылап, оны жаңа оқу жылында - 2018 жылдың қыркүйегінде ашу туралы келісімге қол жеткізу.

Вебстер унвиерситеті 1915 жылы Сент-Луисте (Миссури штаты) ашылған. Оның Швейцария, Австрия, Грекия, Нидерланды, Қытай, Таиланд және Гана елдерінде 7 халықаралық бөлімшесі бар. Жоғары оқу орны 2017 жылғы үздік америкалық университеттер рейтингінде 24-орын алған.