Өзбекстанда аптап ыстыққа байланысты пойыздар енді баяу жүреді
22:06, 16 Маусым 2025
ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстандағы пойыздар аптап ыстыққа байланысты енді баяу жүре бастайды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
«Өзтеміржолаушы» компаниясынан мәлім еткендей, мұндай шешім жолаушылар мен жүк тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданып отыр.
— Жылдамдыққа қатысты шектеу енгізілген соң пойыздар межелі жерге кестеде көрсетілген уақыттан кешігіп жетуі мүмкін. Сонымен қатар аптап ыстыққа байланысты вагондардағы салқындату жүйесінің де қуаты төмендейді, — делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қоса кетсек, синоптиктер 16 маусымда еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болатынын ескертті. Тиісінше, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары қауіпсіздік шараларын еске салды.