«Өзтеміржолаушы» компаниясынан мәлім еткендей, мұндай шешім жолаушылар мен жүк тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданып отыр.
— Жылдамдыққа қатысты шектеу енгізілген соң пойыздар межелі жерге кестеде көрсетілген уақыттан кешігіп жетуі мүмкін. Сонымен қатар аптап ыстыққа байланысты вагондардағы салқындату жүйесінің де қуаты төмендейді, — делінген компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қоса кетсек, синоптиктер 16 маусымда еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болатынын ескертті. Тиісінше, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары қауіпсіздік шараларын еске салды.