Өзбекстанда ауаны ластайтын кәсіпорындар жұмысы тоқтатылады
АСТАНА. KAZINFORM - Өзбекстан президенті қоршаған ортаны қорғау заңнамасына қоршаған ортаны нормадан тыс ластайтын кәсіпорындар жұмысын шектеуге немесе тоқтатуға мүмкіндік беретін түзетулерге қол қойды.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 6 ақпанда «Табиғатты қорғау туралы», «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» және «Қоршаған ортаны бақылау туралы» заңдарға түзетулер енгізуге қатысты құжатқа қол қойды.
«Заңнамада бизнес қызметін шектеу немесе тоқтата тұру үшін негіз болатын дәйексіз тұжырымдардың болуы мемлекеттік органдардың дискрециялық өкілеттіктерінің кеңдігіне байланысты сыбайлас жемқорлықтың туындауына әкелуі мүмкін», - делінген құжатта.
Енді қоршаған ортаның шектен тыс ластануы салдарынан халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда кәсіпорындардың қызметін шектеуге немесе тоқтатуға болады.
Атап өтілгендей, түзетулер Өзбекстандағы экологиялық жағдайды жақсартуға көмектеседі.