ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстанның Жызақ облысында Nexia-2 автокөлігіне орнатылған газ баллоны жарылып, салдарынан көлік ішіндегі 4 адам оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы облыстық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасы хабарлады.
Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі (1961 жылы туған), сондай-ақ салондағы тағы үш адам: 1968 жылы туған азамат (жүргізушінің жұбайы), 1993 және 2015 жылғы азаматтар оқиға орнында көз жұмды.
Хабарламаға сәйкес, көлік Ташкент-Термиз бағыты бойынша келе жатып, жанармай құю бекетіне тоқтаған. Содан кейін сағат 13:00 шамасында көлікті басқарып келе жатқанда жолда газ баллоны жарылған.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы