Жол апаты әскери көліктер колоннасы жоспарлы әскери дайындық өткізетін аймаққа бара жатқанда, Шахрисабз - Қаршы автожолында болды.
«Инспекторлар қозғалысты тоқтатуға белгі бергеніне қарамастан, «70 U 110 MA» нөмірлі «Ласетти» автомобилі мұны ескермеген. Соның салдарынан ол «ЗИЛ-131» маркалы жүк көлігімен соқтығысты. Үш адам - жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы қаза тапты. Жеңіл көліктің тағы бір жолаушысы жарақат алған», - делінген хабарламада.
Зардап шеккен жолаушыға медициналық көмек көрсетілген, қазір оның өміріне төнген қауіп жоқ.