Заң жобасына сәйкес, көлік жүргізушілеріне тұрақты түрде ереже бұзғаны үшін айыппұл ұпайларын есептеу жүйесін енгізу жоспарлануда, деп хабарлайды Kazinform. Өзбекстан Олий Мәжілісінің Заң Шығару палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Есептелген айыппұл ұпайлары бір жыл ішінде он екі балдан асатын жағдайларда, соңғы құқық бұзушылық үшін қосымша жаза ретінде жүргізушіні көлік құралын басқару құқығынан айыру тәртібі белгіленеді.
Сондай-ақ, көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлғаның көлік құралын өз еркімен бірнеше рет басқарғаны анықталса, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы