Өзбекстанда туу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 4,4% өсті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Өзбекстан Статистика агенттігінің мәліметіне сай, биыл қаңтар-қараша айлары аралығында АХАЖ органдары жаңа туған 887 424 нәрестені тіркеген.
«Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,4%-ға көп. 2023 жылдың 11 айында 459 701 ұл мен 427 723 қыз дүниеге келді», - деп мәлім етті ведомстводан.
Қоса кетсек, 2030 жылға қарай Өзбекстан халқы 41 миллионнан асуы мүмкін.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.