Өзбекстанда басшылардың жұмысы суды үнемдеуіне қатысты бағаланады

АСТАНА. KAZINFORM – Өзбекстанда жыл сайын наурыз айында суды үнемдеу мәдениетін насихаттау бойынша іс-шараларды қамтитын «Суды үнемдеу айы» аталып өтеді, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: podrobno.uz

Су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру туралы Жарлыққа сәйкес, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап республикалық атқарушы органдар басшылары мен олардың орынбасарларының жұмысы басқаларымен қатар ауыз суды үнемдеу және сумен жабдықтау компанияларына қашықтан деректерді беретін заманауи есептегіштерді орнату сияқты критерийлер бойынша бағаланатын болады.

Республикалық атқарушы органдар мен бизнес қауымдастықтар қашықтан деректерді беру мүмкіндігі бар заманауи су есептегіштерін орнатпаған жағдайда олар Бас прокуратураның бақылауына беріледі. 

Сондай-ақ, 2027 жылдың 1 сәуірінен бастап республика бойынша бюджеттік ұйымдар үшін ауыз сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне бірыңғай тарифтер енгізіледі. 

Бұдан бөлек, ауыз суды өндіру және тарту процестерін бөлек есептеу ұйымдастырылады.
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Өзбекстан Үкіметі арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң мақұлданды.