«Бұл шаралар тұтынушыларға осы ресурстарды үнемді пайдалануға, сондай-ақ желілердің шамадан тыс жүгіне жол бермеуге және бүкіл тұтынушыларды тұрақты энергия ресурсымен қамтамасыз етуге көмектеседі» дейді министрліктен.
Ауа температурасының төмендеуінен электр энергиясын пайдалану қажеттігі арта түседі.
«Осындай кездерде электр қуатын барынша үнемді пайдалануды, ал қажет емес жағдайларда электр құрылғыларын желіден ажыратуды сұраймыз», — делінген хабарламада.