«Өзбекмұнайгаз» ұлттық холдинг компаниясы сенбі түнде жексенбіден бастап Өзбекстан аумағындағы ортақ бензин бағасын жария етті. Ол бұрынғысынан үштен бір есеге өскен.
Компания «бензиннің жетіспеуіне, оған кезектің көбеюіне, Аи-80 маркалы бензиннің бағасының 2 075-3 000 сом аралағында өзгеруіне, Ташкенттен жанармайды өңірлерге апарып 5 000 сумнан саудалауға қатысты азаматтардың билікке шағымын назарға алғанын» мәлім етті.
«Осыған байланысты 23 қазаннан бастап Аи-80 маркалы бензиннің бөлшек саудадағы литрінің бағасы 2 800 сум, Аи-91, 92, 93 - 3 000 сум, Аи-95 - 3 300 сум болып белгіленді», - делінген хабарламада.