Денсаулық сақтау министрлігінің кешкі қорытынды жаңалығына сәйкес, Өзбекстанда 237 кісі коронавирус жұқтырғаны белгілі болып, жалпы індет расталғандар саны 4 331-ге жеткен.
«Жаңадан вирус жұқтырғандардың барлығы карантиндегі бақылау орталығында анықталған. Олардың 70 пайызға жуығы Ташкент қаласындағы карантиндегі азаматтар», делінген хабарламада.
Сонымен қатар бүгін 86 кісі аурудан сауығып шықты. Олардың жалпы саны 3 354-ке жетті. Ал бүгінге дейін елде 17 науқас қаза болған. Қазіргі уақытта республика аумағындағы ауруханаларда 960 науқас емделіп жатыр.