Өзбекстанда болған жол апатынан 20 адам қаза тапты

АСТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат - Бүгін Өзбекстанның оңтүстік-батысындағы Қашқардария облысында ірі жол-көлік апаты орын алды.

Жоғары жылдамдықпен келе жатқан автобус жол шетінде қойылған экскаваторға соғылып, 26 адам қаза тауып, 20-сы жарақаттанған. ҚазАқпарат бұл жайлы «Интерфакс» агентігіне сілтеме жасап хабарлайды.