Өзбекстанда бір жылда жүздеген Алпысбай мен Жетпісбай дүниеге келген
14:50, 18 Ақпан 2024
ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстанда өткен жылы 60 және одан жоғары жаста балалы болған ер адамдардың саны белгілі болды. Бұл туралы елдің статистика агенттігі хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, Өзбекстанда бір жыл ішінде 60 және одан жоғары жастағы 819 ер адам балалы болған.
Сондай-ақ 50 және одан жоғары жаста некеге тұрғандар саны — 6 651.
Айта кетейік, Өзбекстанда 2023 жылы 962 мың нәресте дүниеге келген.