АСТАНА. KAZINFORM — Өзбекстандағы Отбасы кодексіне түзетулер енгізілді. Оған сәйкес, бұдан былай бала әкесінің есімін фамилия ретінде қолдана алады.
Сонымен қатар, түзетулер ұлттық дәстүрге сәйкес әкесі немесе анасы жағынан атасының есімін пайдалануға мүмкіндік береді.
Өзбекстан Сенаты бұл азаматтар үшін қосымша ыңғайлылық тудыратынын және олардың қалауын ұлттық және діни дәстүрге сәйкес ескеруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Бұған дейін Қырғызстанда фамилия жазудың жаңа нұсқасын енгізу ұсынылған болатын.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.