Өзбекстанның Науаи облысының Қызылтөбе ауданында Cobalt көлігіне орнатылған газ баллоны жарылған. Салдарынан жүргізуші жарақат алып, оның 3 жасар баласы ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Kazinform облыстық ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 желтоқсан күні сағат 09:50 шамасында Cobalt көлігі аудандағы дәмханалардың бірінің тұрағында болған. Сол кезде көлікте орнатылған метан газы баллонының жарылуы салдарынан жүргізуші мен оның 3 жасар баласы түрлі дене жарақаттарын алып, аудандық ауруханаға жатқызылған.
Жүргізушінің баласы аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Қазіргі уақытта ІІБ жағдайға байланысты тергеу жүргізіп жатыр, делінген хабарламада.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы