Өзбекстанда Comedy Club-қа тыйым салынған

Фото: Oxu.az

МӘСКЕУ. KAZINFORM — Телешоу «әдептілік нормаларына сай келмегені үшін» тыйымға ұшырады, деп хабарлайды агенттік тілшісі SHOT Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Елдің Мәдениет министрлігі гастрольдік әртістердің өнер көрсетуіне қатысты ұйымдастырушыларға шектеулер мен ұсыныстар жіберіп отырады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, тыйымдар екі жыл бұрын басталған.

Сол кезде ел астанасы Ташкентте «Музыкалық Comedy Club» шоуын өткізу жоспарланған еді, бірақ ол «техникалық себептерге» байланысты кейінге қалдырылған.

Өткізілетін күндер әлі күнге дейін белгіленбеген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шын мәнінде елдің Мәдениет министрлігі ресми хат жолдап, онда «шоуда көрсетілетін отбасылық, ерлі-зайыптылық, ер-әйел қатынастары ұлттық руханиятқа қайшы келеді» деп жазған.

SHOT Telegram-арнасы мұндай жағдайлардың жиі кездесетінін атап өтті. Бағдарламалар мұқият тексеріліп, «елдің моральдық нормаларына» сәйкес болу үшін түзетулер енгізу талап етіледі.

Сондай-ақ, биыл Алексей Щербаковтың стендап-нөмірінен кейбір әзілдерді алып тастауды сұраған, ал T-Fest концерті мүлдем тоқтатылған.

2023 жылы Comedy Club-пен қатар Григорий Лепс, Ирина Дубцова, Диана Арбенина және Земфираның концерттері де ауыстырылған болатын.

Осыған дейін қазақстандық стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Мәскеудегі Шереметьево әуежайында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталғаны анықталды.