ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – 7 қазан күні сағат 08:13-те Сырдария облысының Гүлстан қаласындағы «Алпомиш» спорт кешенінде оттегі баллоны жарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.
«Оқыс оқиға болған спорт кешені қазіргі таңда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсету үшін уақытша клиника ретінде жасақталған.
Оттегі баллонының жарылуы салдарынан ғимараттың терезелері сынып, бір азамат жарақат алды. Қаза тапқандар жоқ. Облыстық төтенше жағдайлар басқармасы мен басқа да тиісті органдар дереу оқиға орнына келіп, азаматтарды қауіпсіз жерге көшірді. Жағдай толық бақылауда», - деп жазды Өзбекстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы ресми парақшасында.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.