Өзбекстан басшысының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қызметінен босатылған шенеуніктердің орнына тың қөзқарастағы және халықтың сұранысына сай еңбек етуге ниетті жастар тағайындалды.
— Қатаң ескертемін: егер басшы махалляға барып, тұрғындар мен кәсіпкерлердің мәселесін шешумен айналыспаса, онда оның лауазым иеленуге құқығы жоқ. Барлығы өзгеруі тиіс. Қазір әлемдегі саяси және экономикалық жағдай күрделеніп, жаңа қауіп-қатерлер көрініс таба бастады. Егер біз оған бейімделіп, бүгін тиісті шара қабылдамасақ, ертең кеш болады, — деді жиында сөз алған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев.
Еске салайық, бұған дейін Өзбекстанда инвестиция тарту ісіне селқос қараған бірқатар жоғары лауазымды шенеунік қызметін босатқан болатын.