Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде елде вакцинаның 18 082 373 дозасы қолданылған.
Бұл ретте бірінші дозаны 10 334 108 адам алса, вакцинаның екінші және үшінші компоненті (қытай-өзбек ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы үш дозамен салынады) тиісінше 5 745 222 және 2 003 043 өзбекстандық азаматқа егілді.
Елде вакциналаудың толық курсынан 3 596 143 адам өткен.
Аймақтар арасында Ферғана және Наманған облыстары көш бастап тұр. Онда екпе салдырғандар саны 2 миллион адамнан асты.
Еске сала кетсек, Өзбекстанда екпе науқаны 1 сәуірде басталды.
Вакцинацияға төрт препарат пайдаланылып отыр: еуропалық AstraZeneca, қытай-өзбек ZF-UZ-VAC2001, ресейлік «Спутник-V» және американдық Moderna.
3 тамызда республикада жұмыс істеуші тұрғындардың міндетті вакциналануы туралы заң қабылданған.