Өзбекстанда экстремистік топтарға қосылған 40-тан аса азамат ұсталды
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Ташкент қалалық ішкі істер бас бақармасымен (ІІББ) өзге де уәкілетті органдар бірлесіп, шаһар аумағында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған рейд жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.
Фото: Ташкент ІІББ
Құзырлы органның мәліметінше, 7 сәуірде Өзбекстан астанасында экстремистік радикалды топтарға қосылған 45 азаматтың үйіне тінту жүргізіліп, күдіктілер қамауға алынды.
Фото: Ташкент ІІББ
«Құрметті азаматтар, әлеуметтік желі арқылы өз идеяларыңызды насихаттаудан және түрлі радикалды топтарға қосылудан аулақ болыңыздар! Әрқашан балаңыздың қандай чаттарға қосылатынын, қандай видео мен материалдарды көретінін бақылауда ұстаңыз», - деп ескертті Ташкент қалалық ішкі істер бас басқармасынан.
Құқық қорғау органының ақпаратына сай, биыл 3 айда діни экстремизм мен терроризм фактілері бойынша 50 қылмыстық іс қозғалды.
Фото: Ташкент ІІББ
Сондай-ақ, осы аралықта 188 әкімшілік хаттама толтырылып, 264 адамға қатысты заңды шара қолданылған.
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.