Биылғы он айда Өзбекстан 22,5 мыңға жуық электромобильді импорттаған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 есе көп, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Өзбекстан Кеден комитетінің баспасөз қызметінен мәлімдегендей, биыл қаңтар-қазан айларында Өзбекстан 582,3 млн долларға 22,49 мың электромобиль импорттады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 679 көлікке артық. Тек соңғы үш айда аталған елге 365,3 млн долларға бағаланған 15,1 мың электромобиль әкелінген.
Ведомство ақпаратына сай, электр көліктерінің негізгі жеткізушісі – Қытай. Оған импорттың 91,7% үлесі тиесілі болса, екінші орында Гонконг (5,6%) тұр. Сондай-ақ БАӘ, Оңтүстік Корея, АҚШ және Германиядан да біршама көлік импортталған.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.