«Худудгазтаминот» компаниясынан мәлімдегендей, ауа-райының күрт салқындауына байланысты бүкіл ел бойынша табиғи және сұйытылған газды тұтыну көлемі өскен.
«Газ тұтынушыларға іркіліссіз көгілдір отынды жеткізу мақсатында Ташкент қаласында, Самарқанд, Андижан, Наманған, Ферғана және Ташкент облыстарында газ құю бекеттерінің қызметіне қосымша шектеу енгізілді. Қазіргі уақытта 1 179 жанармай құю бекетінің 547-сі бұрын белгіленген кестеге сай жұмыс істеп тұр», - делінген компания таратқан хабарламада.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, қысымының төмендеуіне байланысты 12 желтоқсаннан бастап Өзбекстандағы газ құю бекеттері күніне 6 сағаттық жұмыс кестесіне көшкен еді. Яғни, станциялар 6:00-ден 12:00-ге дейін қызмет көрсетеді.
Еске салайық, газ құю бекеттерінің жұмыс уақыты бұған дейін де шектелген. Атап айтқанда, станциялар 9 желтоқсаннан бастап 6:00-ден 15:00-ге дейін қызмет көрсетіп келді.