Өзбекстанда газ құю станцияларының жұмысына шектеу енгізіледі

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Ауа райының күрт салқындауына байланысты бүгіннен бастап Өзбекстандағы газ құю станцияларының жұмысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі.

Фото: Pexels

Энергетика министрлігінің мәліметінше, салқынға байланысты магистральдық газ құбырларындағы қысым төмендеді. Бұл уақытта газ бірінші кезекте тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға бағытталады. Сондықтан 10 наурыздан бастап станциялар сағат 16:00-ге дейін жұмыс істейді.

Еске салайық, таяуда Өзбекстанда газ бағасын негізсіз көтерген компанияларға қатысты іс қозғалды.

Сондай-ақ, былтыр Өзбекстан Қытайға 773 млн доллардың газын экспорттады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл Өзбекстанда сұйытылған газ қымбаттады.

Беларусь Өзбекстандағы АЭС құрылысына жәрдемдесуге дайын.