Өзбекстанда газ жарылып, 6 адам мерт болды

Фото: Фото: Pexels

АСТАНА. KAZINFORM - Өзбекстанның Самарқанд қаласындағы үш қабатты тұрғын үйде жарылыс болып, ғимарат құлады. Оқиға орнынан алты адамның денесі табылды, деп хабарлайды gazeta.uz.

9 мамырған қараған түні Самарқандтың Спитамен көшесінде үш қабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылып, ғимараттың қирауына себеп болған.

Самарқанд облыстық төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша, құтқару-іздеу жұмыстарының барысында алты адамның мәйіті табылды.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар басқармасының басшылары, ішкі істер басқрмасы мен өзге де құрылымдардың өкілдері жиналды. 10-нан астам техника жұмылдырылды. Тергеу жүріп жатыр.

Осыған дейін Өзбекстандағы кен орнында құрамында күкіртсутегі жоғары газ атқылағаны туралы жаздық.