9 мамырға қараған түні Самарқандтың Спитамен көшесінде үш қабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылып, ғимараттың қирауына себеп болған.
Самарқанд облыстық төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша, құтқару-іздеу жұмыстарының барысында алты адамның мәйіті табылды.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар басқармасының басшылары, ішкі істер басқрмасы мен өзге де құрылымдардың өкілдері жиналды. 10-нан астам техника жұмылдырылды. Тергеу жүріп жатыр.
Осыған дейін Өзбекстандағы кен орнында құрамында күкіртсутегі жоғары газ атқылағаны туралы жаздық.