Өзбекстан министрлер кабинетінің хабарлауынша, орталық спутниктік құрылғылар арқылы Жерді қашықтықтан зондтау, оның деректерін қабылдау, сақтау, өңдеу және тарату, ғарыштық салаға қатысты қызметтер көрсету, ғарыштық салаға ғылыми-инновациялық технологияларды кеңінен тарту мақсатында осы саладағы ғылыми-инновациялық жұмыстарды жүзеге асыру, ғарыштық және геоақпараттық технологияларды, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану арқылы экономиканың, қорғаныс және қауіпсіздік секторларының және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу бағыттарында жұмыс істемек.
Ғарыштық мониторинг және геоақпараттық технологиялар орталығы мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, бизнес-қауымдастықтарға, жергілікті билік органдарына, жеке және заңды тұлғаларға ғарыштық мониторинг, қашықтықтан зондтау деректері және басқа да ғарыш қызметтерін спутниктік және ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы қамтамасыз етеді.