Өзбекстанда халық саны 100 жылда 8 есеге өскен

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанның тұрақты халық саны 100 жылда 8 есеге өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, 1920 жылы мемлекет аумағында 4,4 млн адам тұрған. Кеңес билігі кезінде халық саны 4,5 есеге өсіп, 20,2 млн адам (1990 жылы) болған.

Тәуелсіздік жылдары халық саны 15,8 миллион адамға өскен. 2022 жылдың 8 желтоқсанындағы жағдай бойынша Өзбекстан Республикасының тұрақты халық саны 36 млн адам болды.

Бұған дейін Өзбекстанның Болжау және макроэкономикалық зерттеу институтының болжамы бойынша Өзбекстан халық саны 2030 жылы 41 млн адамнан асуы мүмкін.


Фото: foturist-ru.livejournal.com