Атап айтқанда, 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Өзбекстанның тұрақты халық саны 32 млн 653,9 мың адамды құраған және 2017 жылы 533,4 мың адамға (1,7%) көбейген.
Қаладағы халық саны 16 млн 533,9 мың адам (немесе 50,6%), ауыл халқының саны 16 млн 120 мың адам (49,4%) болған.
Өзбекстандағы халық саны көп шоғырланған өңірі Самарқанд облысы (3719,6 мың адам) болып танылды. Одан кейін Ферғана - 3620,1 мың, Қашқадария - 3148,1 мың және Әндіжан - 3011,6 мың адам.