Өзбекстанда іздеу жарияланған қылмыскер елордада ұсталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жасалған 80 қылмыстың беті екі күнде ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

29 шілде мен 4 тамыз аралығында елордада «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алушарасы өтуде. Қалалық полициядепартаментінің мәліметіне сенсек, алғашқы екі күнде тәртіп сақшылары 80 қылмыстың бетін ашқан. Оның 28-ібұрын жасалғандар, 52-сі бойынша қылмыскерлер ізі суымай ұсталған.

«Мәселен, полиция қызметкерлері әйелдерді тонағанқала тұрғынын ұстады. Күдікті уақытшаұстау изоляторында отыр. Одан айғақтық заттар тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеужүргізілуде. Күдіктінің қала аумағында жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығытексеріліп жатыр», - делінген департамент дерегінде.

Жалпы, шара басталғалы Нұр-Сұлтан қаласындағыуақытша ұстау изоляторына 11 қылмыскер жеткізілген.

«Тағы 12 адамды қамауға алу туралы сот санкциясыбар. Сондай-ақ, хабар-ошарсыз кеткен 4 адамның орналасқан жері анықталды.Алаяқтық және ұрлық жасаған 5 адам ұсталды. Оның біріне Өзбекстан Республикасында іздеужарияланған болатын»,- делінген ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар