Өзбекстанда қамауға алынған Қазақстан азаматы Е.Қосмағамбетовтың соты басталды

ТАШКЕНТ. 9 шілде. ҚазАқпарат - Өзбекстанда қамауға алынған ҚР азаматы Ермек Қосмағамбетовтың соты басталды, деп хабарлады Қазақстанның Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінен.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның 27 жасар тұрғыны Е.Қосмағамбетов Өзбекстанға діни экстремизмді насихаттайтын бейнематериалдарды алып кіру контрабандасы бойынша айыпталуда. Өзбектің тәртіп сақшылары оның ноутбугінде діни мазмұндағы фильмдерді тапты. Е.Қосмағамбетов ноутбуктың ішінде мұндай фильмдердің бар екенін білмегенін, кетерде оны апасынан алып, компьютерді тек фотосуреттерді қарау үшін пайдаланбақшы болғанын айтуда.

2012 жылдың 4 шілдесінде ӨР-ның Ташкент облысындағы Кибрайаудандық қылмыстық істер бойынша сотында Қазақстан Республикасының ұсталған азаматына қатысты сот процесі басталды. Оның қорғаушысы  Ж.Махқамов.

Сот процесі өзбек тілінде жүргізілуде. Бұл ретте, ҚР-ның қамауға алынған азаматына тиісті дипломдалған статусы бар К.Жаббаров есімді аудармашы ұсынылған.

 Сот отырысы таныстыру сипатында 10 минут өткендігін атап өту керек. Яғни сот процесінің басталғандығы жарияланды. Кезекті сот отырысы 2012 жылдың 11 шілдесінде өтеді. Оған ҚР Елшілігінің атынан консул қатысты.