Өзбекстан Статистика агенттігінің мәліметінше, шетелдік компаниялар саны бойынша Қытай көш бастап тұр. Аталған елдің қатысуымен 3 357 кәсіпорын республиканың әр өңірінде түрлі жобаларды іске асырып жатыр.
- Өзбекстан экономикасына инвестиция бағыттап жатқан елдер арасында Ресей (2 937), Түркия (1 826), Қазақстан (1 041) және Оңтүстік Кореяның (644) үлесі басым, - деп мәлім етті ведомстводан.
Еске салайық, былтыр 11 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан Өзбекстанның негізгі сауда серіктестерінің үштігінде қалды. Ресми Астана мен Ташкент арасындағы тауар айналымы $3,8 млрд асты.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өңіраралық байланыс нығайып келеді.
Сонымен қатар, ресми Астана мен Ташкентті байланыстыратын жаңа теміржол желісі салынып жатыр