Өзбекстанда қазақстандық әйелдерді зорлап өлтірген күдіктілерге қатысты тергеу аяқталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірнеше әйелдерді, соның ішінде Қазақстан азаматшаларын өлтірген екі күдіктіге қатысты тергеу жұмысы аяқталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі Өзбекстан Республикасының Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

2011-2012 жылдары Өзбекстанды адам өлтіру оқиғалары бірден шарпып кеткен болатын. Әйелдердің мәйіттері адам көп жүрмейтін, сырт далада табылып жатты. Қылмыскерлер өз құрбандарын алдымен тонап, кейін көздерін жойып отырған. 2012 жылдың соңында қылмыскерлер қолға түсті. Олар жеке адам тасымалымен айналысып келген Өзбекстан азаматтары болып шықты.

«Өзбекстанның 5 азаматшасына және Қазақстанның алты азаматшасына қатысты қылмысты Юкочирчик ауданының тұрғындары Орманов пен Бердалиев жасағандары анықталды. Тінту барысында олардан заттай айғақтар табылған және олардың кінәлары қылмыстық іс аясында жиналған материалдардың негізінде толығымен дәлелденді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталмыш іс Өзбекстанның жоғары сотына жолданды.