«Форум аясында Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы реформалар мен медицинадағы жаңа технологиялар таныстырылады. Сондай-ақ, медициналық туризмді дамыту, онкологияда заманауи ядролық технологияларды қолдану, ана мен баланың денсаулығын қорғау, алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту және денсаулық сақтау саласын цифрландыру мәселелері талқыланады», - делінген министрлік хабарламасында.
Іс-шара барысында Өзбекстан азаматтары сол мемлекеттің медициналық ұйымдары базасында қазақстандық дәрігерлерден тегін кеңес алады.
Сонымен қатар, медициналық көрме өтіп, 21-22 қараша күндері қазақстандық жетекші мамандар шеберлік сабақтарын өткізеді.