Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өзбекстан Республикасы Навои облысы ішкі істер басқармасы мемлекетаралық іздеу жариялаған қылмыскер Степногорск қаласында ұсталды.
- Жедел уәкілдердің айтуынша, ер адам 2014 жылдан бері Қазақстанда жасырынып жүрген. Ресми түрде еш жерде жұмыс істемеген, - делінген ақпаратта.
Степногорскіде отбасын құрып, осы уақытқа дейін қара жұмыс істеген. Қазір ол Степногорск қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Полицейлер тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
- Ұсталған адам көрші елдің азаматы болғандықтан оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау мәселесі қарастырылуда, - делінген хабарламада.
Осыған дейін адам өліміне қатысты қылмысқа күдікті Ресейден экстрадицияланғаны туралы жаздық.