ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстанның Тахтакарача асуында таудан құлаған тас Chevrolet Cobalt көлігін басып қалып, салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 6 қараша күні Қашқадария облысында болған.
«Апатқа байланысты Самарқан мен Қашқадария облыстарын байланыстырып жатқан М-39 тас жолының 1 138-ші шақырымы уақытша жабылды», - деп мәлім етті ведомстводан.
Еске сала кетейік, биыл 9 айдың ішінде Қазақстанда 19 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 26 703 адам зардап шеккен еді.
Сондай-ақ Қырғызстанда қар көшкіні жүріп, он көлік туннельде қалып қойғанын жазған болатынбыз.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.