Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Өзбекстанда COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 8222-ге жетті. Оның ішінде 5496 жан сауығып шыққан болса, бүгінге дейін аурудан 24 кісі қайтыс болған.
Соңғы екі тәулікте төрт өлім жағдайы тіркеліп, ел аумағында коронавирус жұқтырғандар күн өткен сайын тағы артып келеді.
Қазіргі уақытта республикалық ауруханаларда 2702 науқас індетпен күресуде. Оның арасында 19 азаматтың жағдайы ауыр, 6 пациент өте ауыр халде жатыр.