Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, соңғы уақытта COVID-19 жұқтырудың көбеюіне дельта штамының таралуы себеп болып отыр.
«Республикада бүгінгі күні тіркелген британдық, уханьдық және дельта штамдарының арасында соңғысының жұқпалылығы жоғары және қалғандарына қарағанда қауіптірек келеді. COVID-19-дың осы штамын жұқтырғандар саны күннен-күнге артуда. Жұқтыру жағдайларының ішінде дельта штамм науқастардың 82%-да, уханьдық штамм 10% және британдық штамм 8%-да анықталған», - деп мәлімдеді ведомстводан.
Еске сала кетейік, Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігінің статистикасына сәйкес, соңғы екі аптада елдегі коронавирус жұқтыру саны екі есе артқан. Мұнда күніне 427-ден 924 адамға дейін вирус жұқтырады. Бұл – пандемияның басынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Одан бөлек, күнделікті ковид пневмониясымен ауырғанда көбеюде, күніне 500 адамнан ковид пневмониясы анықталып жатыр.
Авторы Мәдибек Жәнібеков