Бір тәулік ішінде вирусты жұқтырғандар саны 14 адамға өсті.
Бүгінгі таңда аталған елде 30 наурыздан 20 сәуірге дейін республиканың бүкіл әуежайларының жұмысы және барлық әуе қатынасы түгел тоқтатылды. COVID-19-дың таратылуына байланысты Өзбекстанда автокөлік қозғалысы арнайы рұқсат бойынша ғана жүзеге асырылады. Оған қоса, 1 сәуірден бастап Ташкентте және өңірлерде өзін-өзі оқшаулау режимі енгізілді, 65 жастан асқан азаматтарға үйден шығуға тыйым салынған.
19:11, 04 Сәуір 2020
Өзбекстанда коронавирусты жұқтырған 241 адам анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өзбекстанда коронавирусты жұқтырған 241 адам анықталды, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.