Өзбекстанда лаңкестік ұйым мүшелері сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қашқадария облыстық сотының шешімімен Өзбекстан Ислам қозғалысына қатыстылығы үшін Отабек Очилов, Зафар Пулатов, Бахтиёр Бозоров, Лолахон Кудратова, Нигора Эрназарова және Азиза Мухитдинованың қылмыстық істері бойынша оларға 9-дан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айыру туралы үкім шығарылды, деп хабарлады 12news.uz сайты.

Кейбір БАҚ деректеріне сүйенсек, сотталушылар Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 155-бабы (терроризм), 159 (Өзбекстанның конституциялық құрылысына қастандық), 244 (діни-экстремистік, сепаратистік, фундаменталистік немесе басқа да тыйым салынған ұйымдарды ұйымдастыру, оларға басшылық, қатысу) баптары бойынша айыпталуда.

Тергеу барысында азаматтар Ресей Федерациясына қоныс теуіп, 2010-2013 жылдары Пәкістан аумағында әрекет ететін «Өзбекстан Ислам қозғалысына» мүше болады.

Бұлар отандастарын халықаралық лаңкестік ұйымдастыру мақсатына үгіттеген, Өзбекстандағы жағдайды тұрақсыздандырып, халифат мемлекетін қалыптастыру арқылы конституциялық құрылысты өзгертуді жоспарлаған. Осы мақсатта сотталушылар Ресейде тапқан ақшаларынан «Байтулмол» ортақ қазынасына 500 доллардан бөліп, «Мәскеу-Баку-Зохидон-Вана» пойызына отырып, Пәкістандағы лаңкестік топқа қосылмақшы болған. Сот үкімінде олар Өзбекстандағы президенттік және парламенттік жүйені өзгерту мақсатында Ресейдің белгісіз бұрышында қару қолдануды үйреніп, жиһадқа даярлықтан өткен.