Kazinform агенттігі бұл туралы Gazeta.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ер адам Telegram желісінде Әбу Валид есімді біреумен байланысқа шығып, оның тапсырмасы бойынша мессенджерде арналар мен топтар құрып, онда үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген. Осыдан кейін ол көршісі И.Д.-мен келісе отырып, Сирияға кетіп, онда «Катиба таухид валь жихад» лаңкестік ұйымының қатарына қосылуды жоспарлады. Жақын досын да өзімен бірге кетуге шақырды.
«Олар өздеріне назар аудартпау үшін Түркияда мигранттарды жұмысқа орналастыратын жекеменшік компанияға жүгінді. Түркияға жеткен соң Сирияға көшуді жоспарлады», - делінген хабарламада.
Ұсталған ер адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғалды.