Өзбекстанда мектеп оқулығындағы QR-код онлайн казино жарнамасына бағытталған

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Өзбекстанда 10-сыныпқа арналған орыс тілі оқулығында QR-код басылып, оған кірген кезде казино бар сайт ашылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Өзбекстан Республикасы Мектепке дейінгі және мектеп білімі министрлігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: видеодан алынған кадр

2022 жылы шыққан оқулықтағы QR-код сілтемесі осы уақытқа дейін дұрыс болған және сабақ тапсырмаларына бағытталғаны хабарланды.

“Бүгін мамандар QR-кодқа сілтеме жасалған сайт бұзылғанын растады. Министрлік тиісті салалық ұйымдарға оқулықтағы жаттығуларды орындау үшін QR-код арқылы ену кезінде пайда болатын «онлайн казино» сілтемесін шектеуді сұрады», - делінген хабарламада.