Өзбекстанда мектептер мен ЖОО-ларға қаржылық сауаттылық пәні енгізіледі

Фото: Фото: pexels.com

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Биылдан бастап өзбекстандық оқушылар мен студенттерге қаржылық сауаттылық негіздерін оқыту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Бұл туралы Өзбекстан Орталық банкінде БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды. Сондай-ақ, кәсіпкерлер мен тұрмыстық жағдайы төмен тұрғындар үшін қаржылық сауаттылық бойынша оқулықтар әзірленеді.

Бұған қоса, Орталық банк өкілі Баходир Мирзоев салаға енгізіліп жатқан жаңашылдықтар туралы айтты. Оның сөзінше, биыл қаржы реттеушісі жасанды интеллекттің көмегімен қаржы ұйымдарының қызметіне, оның ішінде келісімшарттардың заңға сәйкестігін тексермек.

Еске салайық, Өзбекстан мектептеріне оқушыларды энергетикалық сауаттылық негіздеріне үйрететін бағдарлама енгізіледі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстанда баласына заңсыз діни білім беретін ата-аналар енді әкімшілік жауапқа тартылады.